Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зауырбекпен кездескен Шымкент әкімі бокс кешін өткізуге қолдау көрсетпек

Редактор
19.12.2024, 22:53

“WBA Continental” титулын сәтті қорғаған боксшыны әкім арнайы қабылдаған

instagram.com/gabit_syzdykbekov

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездесті. Сұлтан Зауырбек (18-0, 13 КО) екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. 

«Бүгін Шымкент бокс мектебінің түлегі, кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездестім. Сұлтанды “WBA Continental” титулын сәтті қорғағанымен құттықтап, кәсіби рингте одан әрі жетістіктер тіледім. Кездесу барысында Шымкентте кәсіби бокс кешін өткізу мүмкіндігін де талқыладық. Іс-шараны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдірдім.

Сұлтан Зауырбек желтоқсан айының басында Ирландияның Уотерфорд қаласында поляк боксшысы Дамиан Вржесинскиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, “WBA Continental” титулын сәтті қорғады және жеңістер сериясын 19 жекпе-жекке дейін жеткізді. Сұлтанды кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетуін тіледім», – деп жазды қала басшысы.

Айта кетейік, боксшы белгілі ақын Мұхтар Шахановтан бата алғанын айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама