Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші жекпе-жекте де жеңді

Редактор
22.12.2024, 06:36

Британдық боксшы бұл шешіммен келіспей отыр

Reuters

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Александр Усик (22-0, 14 КО) британдық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) қарымта жекпе-жекте де жеңіп, бәске тігілген бес белбеуді еншіледі (WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring).

Айта кетейік, қос боксшы биыл мамыр айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Усик жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да олар 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен украиналық жеңіске жетті.

Тайсон Фьюридің өзі төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты. Тіпті, бірінші жекпе-жекте де өзінің жеңісі ұрланғанын, екіншсінде тіпті масқара шешім шыққанын айтып отыр.

Жалпы, 12 раунд бойы қос боксшы рингте белсенді қозғалды. Тек соңғы үш раундта Усик жылдамдығын арттырып, 12-ші раундта тура соққыларымен көзге түсті. Фьюри болса керісінше, соңғы раундта уақыт өткізуге тырысып, клинчке жиі барды. Осылайша, үш төрешіде жеңісті украиналық боксшыға берді, есеп – 116:112.

Бұл – Александр Усиктің кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісі. Ал, Тайсон Фьюри болса екінші рет жеңіліп отыр, екеуі де Усиктен.

Жарнама
Жарнама