Дәл қазір WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі
WBC президенті Маурисио Сулейман орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті белбеуге таласуы керектігін айтты.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта аса ауыр салмақ өкілдері Александр Усик - Тайсон Фьюри арасында өткен айқасты тамашалауға барған қазақстандық боксшы Маурисио Сулейманмен кездесті. Сулейман Жәнібек WBC белбеуіне таласуы керектігін алға тартты.
Дәл қазір WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі. Дегенмен ол 22 ақпанда Сауд Арабиясында британиялық Хамза Ширазбен жұдырықтасады. Осы сапар барысында да Әлімханұлы Ширазбен жүздесіп, бір-бірімен қол алысты. Егер Хамза Карлосты жеңсе, онда ол қазақстандық боксшымен шаршы алаңға шығады.