Қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлына тағы бір атақ берілді

27.12.2024, 16:49

Ол бұған дейін Президенттен награда алған еді

Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан тарихында бокстан алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанған Мунарбек Сейітбекұлына Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді.

Еске салайық, жуырда ғана танымал боксшы ІІІ дәрежелі «Манас» орденімен марапатталған болатын.

Айта кету керек, Мунарбек – Қырғызстанда бокс бойынша Еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған бесінші спортшы. Бұған дейін бұл атаққа төрт боксшы қол жеткізген:

  1. Орзубек Назаров – 1986 жылғы жеңіл салмақтағы Әлем чемпионы 
  2. Андрей Курнявка – 1989 жылы Мәскеуде өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы
  3. Таалай Кыдыралиев – 2002 жылғы Азия ойындарының қола медаль иегері (54 келіге дейінгі салмақ)
  4. Алмазбек Раимкулов – Қырғызстаннан шыққан тұңғыш кәсіби боксшы

Айта кетейік, Мунарбек Сейітбекұлы тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиаданың және Әлем чемпионатының жүлдесін алған алғашқы боксшы.