Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сағындық Тоғамбай мен Төрехан Сабырхан Азияның үздік боксшысы атанды

28.12.2024, 20:42

Сондай-ақ, Қазақстанның бокс федерациясы ең үздік федерация номинациясын жеңіп алған

ҚБФ

Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін жариялады. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинацияда марапат табысталды.

Еліміздің бокс федерациясының дерегінше, Қазақстан боксшылары Азия бокс қауымдастығының 4 аталымында жеңімпаз деп танылған.

Оның ішінде, үздік ұлттық федерация – Қазақстан бокс федерациясы лайық деп шешім шығарылды. Сондай-ақ, ерлер арасындағы 2024 жылдың үздік боксшысы ретінде Сағындық Тоғамбай, U22 ерлер арасындвғы үздік боксшысы Темірлан Мұқатаев және жастар арасындағы үздік боксшы болып Төрехан Сабырхан марапатталды.

Айта кететін жайт, желтоқсан айының басында Таиландта өткен Азия чемпионатында Қазақстан бокс құрамасы да сынға түскен болатын. Бұл сында еліміздің ерлер құрамасы 5 алтын медальға қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама