Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Алыптар айқасы»: Сауль Альварес пен Теренс Кроуфордпен жұдырықтасады – БАҚ

Редактор
01.01.2025, 18:00

Кроуфорд осы күнге дейін жеңіліп көрмеген

Чемпионат

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жұдырықтасады.

AS мәліметінше, кездесу 3 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Ал іс-шараның демеушісі – Riyadh Season мен Турки Әл аш-Шейх.

Бұған дейін Кроуфордтың өзі де «Канеломен» жұдырықтасудан кетәрі еместігін айтқан болатын. 15 қыркүйекте Сауль Альварес өз жерлесі Эдгар Берланганы жеңген кезде, Теренс оны айқасқа шақырған еді.

Кроуфорд соңғы рет тамыз айында рингке шыққан болатын. Ол кезде америкалық боксшы өзбек Исраил Мадримовті жеңіп, сарапқа салынған WBA белбеуін қанжығасына байлады. Сондай-ақ, ол осымен үшінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып отыр.

Еске салайық, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті де, бірінде тең ойнады.

Жарнама
Жарнама