Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Мансабын аяқтайды деп ойлаймын»: бас бапкер Шымбергенов пен Қоңқабаевтың болашағы жайлы айтты

Редактор
08.01.2025, 08:52

13 қаңтарда ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталады

Қазақстан бокс федерациясы

Осыдан біраз уақыт бұрын Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев аса ауыр салмақ өкілі Қамшыбек Қоңқабаевтың бокспен қоштасатынын болжаған. Себебі соңғы уақытта Қамшыбек жарыстарға қатысып жүрген жоқ. 

Одан бөлек, Париж олимпиадасында ұлттық құрама капитаны болған Асланбек Шымбергеновтің де мансабын аяқтауы мүмкін екендігі айтылып жүр. Осы боксшылардың болашағына қатысты ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында жауап берді. 

«Әзірге Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты мәселе белгісіз болып тұр. Егер олар 13 қаңтар күні оқу-жаттығу жиындарына келмесе, онда ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайды деп ойлаймын. Егер келсе, онда жұмысты жалғастырамыз», - деді бапкер. 

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021).

Ал Асланбек Шымбергенов – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Жарнама
Жарнама