Жәнібек Әлімханұлы рекордтық гонорарға ие болуы мүмкін

Редактор
26.12.2023, 17:15

Қос чемпиондық белбеуі бар қазақ боксшысы әліге дейін мардымсыз гонорар алады

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) кіші Крис Юбенкпен (33-3, 24 KO) жұдырықтасқан жағдайда рекордық көлемдегі гонорарға ие болуы мүмкін. Бұл туралы спорт шолушысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Екінші орта дивизионда өнер көрсететін Юбенк бұған дейін Әлімханұлымен жекпе-жек ұйымдастыруға қарсы емес екенін мәлімдеген болатын. Алайда, оның промоутерлері италиялық Отиноза Олиха есімді боксшымен келіссөз жүргізген. Жәнібектің менеджерлері кез келген уақытта бокс кешін ұйымдастыруға дайынбыз деп мәлімдеді, бастысы британдық боксшы келісімін берсе болғаны.

«Қазір орта салмақта қазақстандық боксшының беделі жоғары. Ол титулдардың бәрін біріктіруге жақын. Алайда, Ларамен немесе Чарломен қазір жұдырықтасса Жәнібек үлкен гонорар ала алмайды. Ал, кіші Юбенк келісімін берсе бұған дейін жеңіп алған ақшасының бәрінен де көп гонорар алар еді. Өйткені, Британияда Юбенк – Әлімханұлы жекпе-жегі үлкен қызығушылық тудырады, көрермені көп болады. Бірақ, Юбенк оған келісе ме, әлде Жәнібектің тағы бір титул алғанын күте ме, ол жағы белгісіз», - деді Смит.