Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан чемпионатында 15 қазақ боксшысы сынға түсіп жатыр

Редактор
23.01.2025, 11:09

Өзбекстан чемпионаты 20-28 қаңтар аралығында өтеді

әлеуметтік желі

Бокстан Өзбекстан чемпионатында сол елдегі этникалық қазақ спортшылары да қатысып жатыр. Ташкентте басталған біріншілікте 15 қандасымыз жүлдеден үмітті.

Чемпионатқа қатысушылар арасында Мадияр Сайдрахимов, Руслан Абдуллаев, Саят Ильясов, Сабыржан Тастанов, Арман Маханов, Қазыбек Есенгеллиев, Ғанибек Мұратқасымов, Машрап Абдуқайым, Асылхан Анарбаев, Мадияр Данияров, Айдос Тағайбаев, Амантай Шаланов, Иманғали Жайлауов, Сүндет Мұратов, Нұрислам Абдуллаев сынды спортшылар бар.

Айта кететін жайт, ерлер мен әйелдер санаты бойынша ересектер арасындағы бокстан Өзбекстан чемпионаты 20-28 қаңтар аралығында жалғасады.

Турнирдің іріктеу кезеңі 21-25 қаңтар күндері өзбек астанасындағы олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлері дайындығы орталығының бокс залында өтеді. Сондай-ақ, іріктеу кезеңдері көрермендердің қатысуынсыз ұйымдастырылатыны алдын ала айтылды.

Ал жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер 26-28 қаңтар күндері "Ренессанс Холл" ғимаратында өтпек.

Жарнама
Жарнама