Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Афины Олимпиадасының қола жүлдегеріне арнайы жасақтың ордені берілді

Редактор
24.01.2025, 12:10

Серік Елеуов Қарағандыда бокс мектебін басқарады

instagram.com/krg_boxing_federation

Бокстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов арнайы орденге ие болды.

Бүгінде Қарағандыдағы бокс мектебінің директоры болып еңбек ететін боксшыға «Бүркіт» арнайы жасағының 25 жылдығында орай медалі еліміздің спорт және қауіпсіздік саласына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

«Тек спортшы ретінде ғана емес, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, арнайы жасақтағы қызметімен де көпке үлгі болып отыр. Әрқашан шынайы көшбасшы, өз ісіне адалдық танытады. Әріптесімізді марапатпен құттықтаймыз! Жетістіктері үшін алғыс айта отырып, бізге берген шабыт үшін ризамыз», - деп жазылған Қарағанды облыстық бокс федерациясының ақпаратында.

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында қарағандылық боксшы 60 келіде сынға түсті. Ол жартылай финалға дейін жетіп, шешуші сында түбі пәкістаннан шыққан ағылшын боксшысы Әмір Ханға ұпай саны бойынша жол берді.

Жарнама
Жарнама