Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мерей Ақшалов бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне кірісті

Редактор
24.01.2025, 19:11

Ол 2014 жылы бокстағы мансабын аяқтаған еді

ҚБФ

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов еліміздің бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

36 жастағы спортшы осыған дейін Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқарған еді.

Ол 2014 жылы бокстағы мансабын аяқтап, еңбек жолын Астанада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып еңбек етті. Бұдан кейін елордадағы жоғарғы спорттық шеберлік мектебі, спорт мектебі директорының орынбасары, директоры болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, еліміздің, Ұлттық Олимпиада Комитетінде, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болған ол 2024 жылдың сәуір айында спорт мектебіне басшы болды.

Мерей Ақшалов - 37 жаста, бокстан 2013 әлем және Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының қатысушысы. Өзінің спорттық мансабында боксшы 60 және 64 келіде өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама