Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Махмұд пен Төрехан Сабырхан әкесінің туған күніне су жаңа автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Редактор
29.01.2025, 00:46

Автокөліктің мемлекеттік номері де ерекше – 010 BOX 10

instagram.com/sabyrkhantorekhan

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның туған інісі Төрехан Сабырхан әкесінің туған күніне ерекше сый жасады. Даңқты боксшылар айтулы күнге орай Toyota Highlander автокөлігін сатып алып, оны салтанатты түрде табыстады.

Қуанышты жаңалығымен Махмұд өзінің Instagram-парақшасында бөліскен. Ол автокөлікті рәсімдеуге көмектескен командаға алғысын айтып, артынша әкесіне көліктің кілтін табыстады.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан әлем және Азия чемпионы, Олимпиада ойындарына екі рет қатысқан. 

Ал, оның туған інісі Төрехан Сабырхан болса жастар арасында әлем және Азия чемпионы. Ол тек былтыр желтоқсан айында ғана ересектер қатарына өтіп, бірден Қазақстан чемпионы атанды. Төрехан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген.

Жарнама
Жарнама