Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Өте өкінішті»: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксшылардан көңілі қалғанын айтты

Редактор
29.01.2025, 14:53

Әлімханұлы: Бокс қазір бизнеске айналды

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстың қазіргі жағдайынан және басқа чемпиондардың жекпе-жектен бас тартуынан көңілі қалғанын білдірді.

«Мен әрдайым чемпиондармен жекпе-жекке шығуға дайын болдым және қазір де дайынмын. Чемпиондар, қайдасыңдар? Кейбір чемпиондар — қорқақ! Біз мұны жақсы білеміз! Мен екінші орта салмаққа көтеріліп, дәл қазір чемпионмен шайқасуға дайынмын. Бірақ олар менімен жекпе-жекке шықпайды. Менімен жұдырықтасуға дайын чемпиондар бар ма? Өкінішке қарай, бокс қазір бизнеске айналды. Боксшылар белбеуден гөрі ақшаны көбірек қалайды. Бокста осындай жағдай болып жатқаны өте өкінішті», — деп жазды Әлімханұлы өз парақшасында.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға былтыр қазан айында Сиднейде (Аустралия) шығып, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген.

Біздің серіктес: FONBET

Жарнама
Жарнама