Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ол менен қорқады»: Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі ауыр айыптады

Редактор
20.02.2025, 11:29

Қазақ боксшысы 5 сәуірде Астанада кезекті жекпе-жегін өткізбек

Top Rank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC чемпионы – доминикалық Карлос Адаместі (24-1, 18 KO) «қорқақ» деп айыптады.

Айта кету керек, Жәнібек Карлосты соңғы екі жылдан бері жекпе-жекке шақырумен келеді. Алайда, доминикалық боксшы жаңа титул үшін жұдырықтасуға асығар емес.

«Мен Карлосты мүлдем түсіне алмаймын. Менде екі титул бар және мен оны жекпе-жекке шақырдым. Енді ол менімен емес, Хамза Ширазбек төбелеспекші. Ақша үшін. Адамес менімен жұдырықтасуға қорқады. Өйткені мен оны спаррингте ұрып тастағанмын», - деп жазды Әлімханұлы өзінің X-парақшасында.

Карлос Адамес пен британдық Хамза Шираз биыл 22 ақпанда жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Адаместің WBC титулы сарапқа салынады.

Ал, Әлімханұлы болса Астанада 5 сәуірде франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) есімді боксшымен жұдырықтасады. Ол да бұл жекпе-жекте өзінің екі белбеуін қорғамақ.

Жарнама
Жарнама