Болгария астанасы Софияда өтетін дәстүрлі «Странджа кубогіне» қатысатын қазақстандық боксшылардың есімі белгілі болды. Аталған турнирдің ауқымы өте кең болғандықтан оны «кіші әлем чемпионаты» деп атап кеткен.
Қазіргі таңда Қайрат Сәтжанов бастаған ұлттық құрама мүшелері Болгарияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Турнир 24 ақпанда басталады. Оған Қазақстан екі құраммен қатысады.
Ерлер құрамасы:
- 48 кг: Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай
- 51 кг: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
- 54 кг: Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешев
- 57 кг: Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
- 60 кг: Талғат Сырымбетов, Серік Темиржанов
- 63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов
- 67 кг: Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев
- 71 кг: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
- 75 кг: Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов
- 80 кг: Ерасыл Жакпеков, Азамат Бектас
- 86 кг: Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов
- 92 кг: Данияр Рахымбердинов
- +92 кг: Айбек Оралбай, Нұлан Сапарбай
Қыздар құрамасы:
- 48 келі: Әйгерім Сәттібаев, Ақбота Болат
- 50 келі: Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова
- 52 келі: Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді
- 54 келі: Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар
- 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
- 60 келі: Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек
- 63 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
- 66 келі: Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова
- 75 келі: Шұғыла Нәлібай
- +81 келі: Ләззат Күнгейбаева