Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбектің даңқты боксшысы Исраил Мадримов америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды

Редактор
23.02.2025, 01:22

Үш төреші де америкалық боксшыны жеңді деп есептейді

Riyadh Season

Сауд Арабиясында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде алғашқы жартылай салмақтағы өзбекстандық Исраил Мадримов (10-2-1, 7 КО) WBC тұжырымының уақытша чемпионы – америкалық Вирджил Ортиспен (23-0, 21 КО) жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетіп, төрешілер шешімімен Ортис жеңімпаз деп танылды.

Жекпе-жек барысында өзбек боксшысы негізінен екінші номерде жұдырықтасып, қарымта шабуылдарға жиі шығып отырды. Тіпті, жетінші раундта ауыр соққыларын дарытып, Ортисті айтарлықтай тығырыққа тіреді. Ал, оныншы раундта аяқта нық тұрып төбелесіп, қос боксшы соққылар сериясымен алмасты.

Нәтижесінде, қапталдағы үш төреші де жеңісті америкалық боксшыға берді. Есеп – 117-111, 115-113 және. 115-113.

Айта кетейік, Исрали Мадримов бұған дейін алғашқы орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Былтыр ол әлемнің ең мықты боксшыларының бірі саналатын Теренс Кроуфордтан (АҚШ) жеңіліп, бұл титулынан айрылды.

Жарнама
Жарнама