Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Хасанбой Дусматов «Странджа» турнирінде ұтылып қалды

Редактор
27.02.2025, 21:13

Ол француз боксшысына есе жіберді

Өзбекстан бокс федерациясы

Болгарияда бокстан өтіп жатан «Странджа» турнирінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов француз боксшысына есе жіберді.

Осылайша өзбекстандық белгілі боксшы дәстүрлі турнирді ширек финалдан аяқтауға мәжбүр болды. Жартылай финал жолдамасын сарапқа салған сында ол  франциялық боксшы Кристофер Гиппократтан 4:1 есебімен жеңілді.

Аталған сында 54 келіде сынға түскен қазақстандық Махмұд Сабырхан тамақтан ұшынып, жарысты аяқтауына тура келді. Болгария турнирінде өзбек боксшысымен отандасымыздың кездесуі мүмкін екенін болжанған болатын. Сондай-ақ, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай алғашқы айқасында жарақат алып, қарсыласына жол берді.

Айта кететін жайт, айтулы сында өзбекстандық бірнеше танымал боксшы қазақ спортшыларымен түскен жеребеден кейін жарысқа қатысудан бас тартты. Олардың ішінде Париж Олимпиадасының чемпиондары бар.

Жарнама
Жарнама