Ол 2024 жылы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын
Болгариядағы Странджа кубогіне келіп тұрып қатыспай кеткен өзбекстандық Абдумалик Халоков Испанияда жекпе-жек өткізді.
Айта кетейік, Странджа кубогінің бірінші айналымында Халоков қазақстандық Серікжан Теміржановпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, өзбек боксшысы аяқасты Испанияға кететінін айтып, бұл кездесуден бас тартқан еді.
Испания өткен кәсіпқой бокс кешінде Халоков жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы венесуаэлалық Марлемброн Акунья болды. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланғанмен, үшінші раундта Халоковтың жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, 2024 жылы Париж Олимпиадасында чемпион болған өзбек боксшысы кәсіпқой бокстағы дебютін 2023 жылы жасаған болатын. Ол кезде Халоков украиналық Александр Егоровты жеңген.