Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Мейвезер мен Пакьяо матч-реванш өткізбекші

Редактор
01.01.2024, 20:06

Бірінші жекпе-жекте Мейвезер жеңіске жеткен

Reuters

Сегіз түрлі салмақта әлем чемпионы болған даңқты боксшы Мэнни Пакьяо (62-8) биыл кіші Флойд Мейвезермен (50-0) қарымта кездесу өткізбекші. Бұл туралы филиппиндік боксшы мен Rizin Fighting Federation компаниясының бас директоры Нобуюки Сакакибара Rizin 45 турнирі кезінде мәлімдеді.

«Сіз Флойд Мейвезермен кездесу өткізгіңіз келмей ме?», - деп сұрады Сикакибара Пакьяодан. 

«Мені осында шақырғаныңызға көп рахмет. Өткен 2023 жылы жекпе-жек өткіземіз деп жоспарлап, оны істей алмай қалғанымыз өкінішті. Сикакибара атап өткендей, биыл мен Флойд Мейвезерге қарсы үлкен жекпе-жек өткіземін. Сол үшін қуаныштымын», - деді филиппиндік боксшы.

Еске салайық, даңқты екі боксшы арасындағы кездесу 2015 жылдың мамыр айында өткен болатын. Ол кезде 12 раунд нәтижесінде төрешілер шешімімен америкалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама