Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Енді чемпиондар Жәнібек Әлімханұлынан қаша алмайтын болды

Редактор
Бүгін, 12:22

Дана Уайт қазақстандық жанкүйерлерді қуантып қойды

әлеуметтік желі

UFC және жақында ғана құрылған TKO жаңа бокс промоушенінің басшысы Дана Уайт бұдан былай үздіктер тек үздіктермен кездесетінін алға тартты.

Естеріңізде болса, кеше ғана Дана Уайт Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхпен бірге жаңа ұйым құру туралы келісімшартқа қол қойған. Енді ұйым талаптары бойынша боксшылар да рейтинг бойынша жоғарылап, сол арқылы әлем чемпионы атанады.

«Үздіктер үздіктермен төбелеседі, бұл формат бәріне жақсы таныс. Сіз рейтинг бойынша жоғарылап, алғашқы бестікке енсеңіз, сол бестік өзара жекпе-жекке шығады. Кімде кім чемпиондық белбеуге ие болса, онда оған белбеу алдындағы үш әріп (нұсқалар) керек емес. Белбеуі бар адам сол салмақтың үздігі саналады. Бұл қарапайым ғана модель», - деді Уайт.

Ұйым басшысының бұл мәлімдемесі қазақстандық жанкүйерлерді де қуантып қойды. Себебі орта салмақтың менмін деген мықтылары әлі күнге дейін IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) қашып жүргені жасырын емес. Әлімханұлы екінші орта салмақтағы үш негізгі белбеудің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альваресті де, WBC титулының иегері Карлос Адаместі де жекпе-жекке шақырғанымен, әзірге олардан ешбір жауап жоқ.

Айтпақшы, Жәнібек 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама