Бүгін қазақстандық боксшы қыздар жартылай финалдағы жекпе-жектерін өткізеді
Бокстан Сербияда әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан Назым Қызайбай мәлімдеме жасады.
48 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз өзінің мүмкіндігін атай келе, жанкүйерлерін тілеулес болуға шақырды.
«Ертең жартылай финалдық бәсекелер өтеді... Ұлттық құрамадан 6 қыз шаршы алаңға шығамыз. Бізге сәттілік тілеп, дұғада болыңыздар», - деп жазды Назым Қызайбай.
Естеріңізде болса, кеше Назым Қызайбай Венесуэла боксшысы Седено Роджастан 5:0 есебімен басым түскен еді. Сондай-ақ, Алуа Балқыбекова (50 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Елдана Талипова (+81 кг) жартылай финалға шыққан болатын.