Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ұлтым – қазақ, бірақ отаным – Ресей»: Әлем чемпионы Салтанат Меденова қазақстандықтарға үн қатты

Бүгін, 00:54

Ол Қазақстанға көшіп келмейтінін ашық айтты

Ресей бокс федерациясы

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған ресейлік қазақ Салтанат Меденова туған жеріне оралып, жанкүйерлерімен қауышты. Қандасымыз «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, өзінің ұлтына қатысты да мәлімдеме жасады.

Ол сондай-ақ, Қазақстанға көшіп келу жоспарында жоқ екенін, отаны – Ресей екенін де ашып айтты.

«Мен қазақпын. Маған қазақстандықтар «еліңе қайт» деп айтып жатыр. Бірақ менің елім, отаным – Ресей. Мен осында тудым, осында өстім және осында қаламын», - деді Салтанат сұхбат барысында.

Айта кетейік, бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтті. 81 келіде жұдырықтасқан Салтанат Меденова екі қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, финалда Түркияның даңқты боксшысы Исильдар Бурсадан басым түсті.

Жарнама
Жарнама