Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ұлтымыз үшін ең үздік айқас болмақ - Жалолов Астанадағы айқасы туралы

Редактор
21.03.2025, 16:35

Өзбекстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірмек

olympics.com

Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, кәсіпқой бокстағы аса ауыр салмақ өкілі (90,7 келіден жоғары) өзбекстандық Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) келесі кездесуін 5 сәуір күні Қазақстанда өткізеді.

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенгенің бокс кеші аясында Баходир украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 КО) кездеседі. BoxNation-ге берген сұхбатында Баходир айқасқа дайындығы жайлы айтты.

«Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын қалай болатынын шаршы алаң көрсетеді. Қарсыласымды жеңіге тырысамын, оны нокаутқа түсіруге тырысамын. Бұл біздің аймақтағы және ұлтымыз үшін ең үздік айқас болмақ», — деді Жалолов.

Айта кетейік, Бохидир әуесқой боксқа оралып, үш дүркін Олимпиада чемпионы атанғысы келетінін айтқан.

Жарнама
Жарнама