Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Майк Тайсонды жеңген блогер әлемнің 6 дүркін чемпионына үйленбекші

Редактор
22.03.2025, 21:09

Қалыңдық – әлемдегі ең танымал спортшылардың бірі

instagram.com/jakepaul/

Америкалық блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол конькимен жүгіруден әлемнің 6 дүркін чемпионы – нидерландтық Ютта Лердамға сөз салды. Жұлдызды жұп жақын күндері үйленбекші. Бұл туралы блогердің өзі Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Біз сөз байластық. Енді өміріміздің соңына дейін бірге болу үшін үйленеміз және сол сәтті асыға күтеміз», - деп жазды Джейк Пол.

26 жастағы Лердам 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және әлемнің алты дүркін жеңімпазы. Оның еншісінде Еуропа чемпионатының бес алтыны және әлем чемпионатының тағы үш жүлдесі бар. 1000 метрге жүгіруде Нидерланды елінің рекордың жаңартқан.

Ал, 28 жастағы Джейк Пол болса интернеттегі Vine платформасы арқылы танылған блогер. Аты шыққаннан кейін кәсіпқой бокспен айналыса бастады. 2024 жылдың қарашасында 58 жастағы Майк Тайсонмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама