Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бекзат Нұрдәулетовтің автокөлігіне кәсіпкерлер ерекше номер сыйлады

Редактор
24.03.2025, 16:21

Енді оның автокөлігінің мемлекеттік номеры – «001BOX12»

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Наурыз мерекесіне орай Жаңаөзен әкімі ерекше сый-құрмет көрсетті. Ал, жергілікті кәсіпкерлер боксшының автокөлігіне арнап ерекше мемлекеттік номер сыйлаған.

Атап айтқанда, спортшыға «001BOX12» деп таңбаланған номер берілді. Бұл туралы Нұрдәулетов өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Наурыз мейрамы қарсаңында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлы еліміздің спорт және дене шынықтыру саласына қосқан елеулі үлесім үшін алғыс айтып, Странджа турнирінде керемет өнер көрсеткенімді атап өтті. Әрдайым жасалған еңбекті бағалап, үлкен шындарды бағындыруға жігерлендірдіңіз

Темір Лесов пен Нұрбек Бүркітбай ағаларым бала кезден армандаған номерді сыйға тартты, алғысым шексіз!» - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ, былтыр Азия чемпионы атанды. Соңғы рет биыл наурызда Болгарияда өткен Странджа кубогінде топ жарды.

Жарнама
Жарнама