Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем кубогіне баратын Қазақстан боксшыларының тізімі жарияланды

Редактор
25.03.2025, 12:16

Биыл әлем кубогі үш кезең бойынша өтеді

Қазақстан бокс федерациясы

30 наурызда Бразилияда бокстан ерлер арасында әлем кубогі жалауын көтереді. Жарысты World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Қазақстанның бокс федерациясы оған қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.

Әлем кубогіне Қазақстан сегіз боксшы жіберуді жоспарлап отыр. Олар:

  • 50 кг. Нұрзат Оңғаров
  • 55 кг. Нұрсұлтан Алтынбек
  • 60 кг. Талғат Сырымбетов
  • 65 кг. Алмат Абдуали
  • 70 кг. Дархан Дүйсебай
  • 80 кг. Диас Молжігітов
  • 85 кг. Дәулет Төлемісов
  • +90 кг. Даниял Сапарбай.

Еске салайық, World Boxing ұйымы биылғы әлем кубогін үш кезең бойынша өткізеді. Оның алғашқысы 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді. Екіншісі – Қазақстанда (30 маусым – 7 шілде). Ал, үшіншісі 21-27 шілде аралығына жоспарланған, өтетін орны әлі белгісіз.

Қазақстан құрамасының бірінші және екінші номерлі боксшылары  Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанды. Бұл шараға Ресей, Өзбекстан және Беларусь боксшылары да келеді.

Жарнама
Жарнама