Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Махмұд пен Төрехан Сабырханның кәсіпқой бокстағы қарсыластары белгілі болды

Редактор
30.03.2025, 11:10

Бұл – олардың кәсіпқой бокстағы дебюті болмақ

Фото әлеуметтік желіден

Ағайынды боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырханның 5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететіні бұған дейін айтылған болатын. Екеуінің де қарсыласы енді ғана белгілі болды деп жазады Qsport.kz.

Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильямен жұдырықтасатын болды. Қарсыласы да кәсіпқой боксты жаңа бастаған спортшы. Екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

Ал, Төрехан Сабырхан 29 жастағы Джири Хаукемен жұдырықтасады. Қарсыласы осыған дейін 10 кездесу өткізіп, 4-де ғана жеңіске жеткен.

Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған, әр раунд 3 минуттан.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы (16-0) француз Анауэль Нгамиссенгумен (14-0) жұдырықтасады.

Бұған дейін Махмұд Сабырханның филиппиндік боксшымен жұдырықтасатыны жарнамаланған еді. Алайда, ұйымдастырушылар соңғы сәтте қарсыластың ауысатынын айтты. Сонымен қатар, осы кеште өнер көрсететін Балауса Мұздыманның да әуелде келісілген қарсыласы келмейтін болды.

Жарнама
Жарнама