Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Баходир Жалоловпен кәсіпқой бокста кездесуге дайынмын – Қамшыбек Қоңқабаев

Редактор
05.04.2025, 23:43

Екеуі әуесқой бокста он рет кездескен

Архив: Қазақстан бокс федерациясы

Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста мансабын жалғастыруды жоспарлап жүр. Бұл туралы ол 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, Қоңқабаев Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінің құрметті қонағы болды. Осы кеште оның байырғы қарсыласы – өзбекстандық Баходир Жалолов жұдырықтасқан. Ол украиналық қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. Қамшыбек болса кәсіпқой боксқа ауысып, Баходирмен тағы жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеп отыр.

«Азия чемпионатының алдында Қайрат Сәтжанов ағайға хабарласып, жолымды жастарға беремін, біраз демалайын деп айтқанмын. Сөйтсем, ол кісі сұхбат беріп, мені толықтай мансабын аяқтады деп айтыпты. Енді мансабымды кәсіпқой бокста жалғастырсам ба деген ойым бар. Егер Баходир Жалоловпен жекпе-жек ұйымдастырып беріп жатса кездесуге дайынмын», - деді қазақ боксшысы.

Қамшыбек Қоңқабаев – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Ол өз мансабында Баходир Жалоловпен 10 рет жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде жеңген, жетеуінде жеңілген.

Жарнама
Жарнама