Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем кубогі: қазақ боксшылары финалда өзбектерді жеңіп, чемпион атанды

Редактор
06.04.2025, 11:05

Командалық есепте Өзбекстан бірінші орын алды

Қазақстан бокс федерациясы

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Финалға шыққан ерлер құрамсасының екі боксшысы да өзбектермен кездесіп, екеуі де жеңіске жетті.

Алтын медаль иегерлері:

  • Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг)
  • Дәулет Төлемісов (85 кг)
  • Жазира Орақбаева (51 кг)

Қола медаль иегерлері:

  • Диас Молжігітов (80 кг) 
  • Даниал Сапарбай (+90 кг)
  • Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)

55 келі

  • Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан, 2019 жылғы әлем чемпионы) – 3:2

85 келі

  • Дәулет Төлемісов (Қазақстан) – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) – 3:2

51 келі

  • Қазақстан: Жазира Орақбаеваның қарсыласы шаршы алаңға шықпады.

Осылайша, құрамамыз World Boxing ұйымдастырған аламанның алғашқы кезеңін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады. Көш басына Өзбекстан боксшылары жайғасты.

Ерлер құрамасының жалпы жүлде кестесі:

  •  Өзбекстан – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
  •  Бразилия – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
  •  Қазақстан – 2 алтын, 2 қола
  •  Үндістан – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
  •  Англия – 3 күміс, 1 қола
  •  Франция – 1 күміс, 3 қола
  •  Польша – 1 күміс, 3 қола
  •  Италия – 2 қола
  •  АҚШ – 2 қола
  •  Гватемала – 1 қола

Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогының бірінші кезеңіне 18 елден 130 боксшы қатысты. Турнирдің келесі кезеңі Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Ал, 21 мен 27 шілде аралығында тағы бір кезеңі күнтізбеде бар. Жарыстың өтетін орны кейінірек хабарланады. Әлем кубогының финалдық кезеңі 15-22 қарашада Үндістанда жоспарланған.

Жарнама
Жарнама