Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Екі корольдің айқасы»: Жәнібек Әлімханұлы Канелоны тағы да жекпе-жекке шақырды

Редактор
06.04.2025, 20:47

Бірақ, Жәнібекке мексикалық боксшы ешқашан жауап берген емес

коллаж: 1bol.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) Астанадағы жеңісінен кейін мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды.

Еске салайық, 5 сәуірде Әлімханұлы Астанадағы бокс кешінде франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғады.

«Канело, қайдасың? Мен орта салмақ королімін. Сен де өзіңді король санайсың ба? Ендеше әлемге екі корольдің айқасы қандай болатынын көрсетейік», - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сауль «Канело» Альварес екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған (2021-2024). Ол алғашқы орта және орта салмақта да бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған. Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы. Қазіргі таңда екінші орта салмақта WBA, WBC, WBO және The Ring чемпиондық белбеулерінің иесі. 66 жекпе-жек өткізіп, 62-де жеңіске жеткен (39 нокаут). Екі рет тең ойнап, екі рет жеңілген.

Сауль Альваресті Жәнібек Әлімханұлы осымен бірнеше рет жекпе-жекке шақырды. Алайда, мексикалық даңқты боксшы Qazaq Style-дың бірде-бір шақыруына жауап бермеген.

Жарнама
Жарнама