Әзірге оның қарсыласы туралы ешқандай ақпарат жоқ
Кәсіпқой бокста Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Руслан Абдуллаев екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Әзірге оның қарсыласының кім болатыны айтылмады. Белгілісі, жекпе-жек 19 сәуірде АҚШ-та өтеді.
Естеріңізде болса, қандасымыз 7 наурыз күні бірінші орта салмақта алғашқы дебюттік айқасында Golden Boy және DAZN шоуы аясында АҚШ-тың Калифорния штатында мексикалық Хосе Валенсуэла Альварадомен (3-20-1, 2 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ол биыл танымал Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады.
Өзбекстан құрамасында өнер көрсеткен Руслан Абдуллаев Париж Олимпиадасының қатысушысы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Бұдан бөлек, Азия чемпионы. Ол биыл қаңтар айында өткен Өзбекстан біріншілігінде чемпион атанған.
Руслан Париж Олимпиадасында өз салмағында басты фавориттердің біріне баланды. Алайда, жүлдеге қол жеткізе алмады.