Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Зейнетке шығарамын». Адамес Әлімханұлына жауап берді

Редактор
15.04.2025, 22:49

Адамес әлеуметтік желіде батыр болып жүрген «чемпиондар» бар екенін атап өтті

Getty Images

Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес дәл осы салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жекке шығу туралы ұсынысына жауап қатты.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсылас ретінде дәл осы Карлос Адаместі таңдап, біріктіру жекпе-жегін өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.

«Адамдар бір нәрсені қайта-қайта оқудан жалығып кетті деп ойлаймын. Жай ғана жекпе-жек ұйымдастыру үшін осынша кедергі болатынын бұрын-соңды білмеппін. Мен бұл жекпе-жекті жылдар бойы күтіп жүрмін, Жәнібектен басқа ешкім қажет емес деп айтып келемін. Сондықтан дайындал — егер бұл кездесу өтетін болса, мен сені зейнетке шығарамын.

Дүние өзгеріп жатыр. Бізде тек X әлеуметтік желісінің арқасында батыр болып жүрген «чемпиондар» бар. Содан кейін біреудің бір жеңістен кейін 154 пен 160 фунттағы бүкіл мықтыны жеңіп шығады дегені туралы оқыдым. Бұл қандай телехикая? Жетер енді!», — деді Карлос Адамес әлеуметтік желіде.

Жарнама
Жарнама