Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Канелоға Жәнібек Әлімханұлы мүлдем қызық емес – сарапшы

Редактор
16.04.2025, 09:21

Қазақ боксшысы қазір доминикалық Карлос Адаместі жекпе-жекке көндіре алмай жүр

instagram.com/canelo/

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) даңқты мексикалық боксшы Сауль Альваресті (62-2-2, 39 КО) бірнеше жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда, әзірге тек әлеуметтік желіде ғана. 

«Канелоның» өзі бұл шақыртулардың бірде-біріне реакция да білдірмеген. Десе де, қоғамда қос боксшының болашақ жекпе-жегі туралы алып-қашпа әңгіме көп. Осыған байланысты америкалық бокс сарапшысы Рик Глейзер пікір білдірді.

«Әлімханұлы мен Канело арасында жекпе-жек болуы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Канелоға бұл мүлдем қызық емес, оған Жәнібекпен жұдырықтасу ешқандай пайда әкелмейді», - деді ол Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кету керек, қазақ боксшысы орта салмақта жұдырықтасса, мексикалық екінші орта және жартылай ауыр салмақтарда жекпе-жектер өткізіп жүр. Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған.

Жәнібек соңғы рет рингке 5 сәуірде Астанада шығып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңді. 

Сауль Альварес болса 4 мамырда тағы да екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл жолы ол кубалық Уильям Скаллмен жұдырықтаспақ.

Жарнама
Жарнама