Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Сәкен Бибосыновтан қашты ма?»: Хасанбой Дусматов рингке шығудан бас тартты

Редактор
17.04.2025, 09:06

Десе де, Сәкен оның туған інісімен жұдырықтасады

Қазақстан бокс федерациясы

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Коротков атындағы турнирде Өзбекстанның даңқты боксшысы Хасанбой Дусматов жарыс жолынан шығып қалды.

Ширек финалдық кездесуде Хасанбой өзінің туған інісі Фарезбек Дусматовпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, ол соңғы сәтте рингке шығудан бас тартып, жолын інісіне берді.

Бұған дейін қазақ-өзбек жанкүйерлерінің бәрі байырғы қарсыластар Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов арасындағы жекпу-жекті күткен. Екеуінің жолы жартылай финалда түйісуі керек еді. Алайда, Сәкен Хасанбоймен емес, оның туған інісімен жұдырықтасатын болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса Хасанбой Дусматовтың Бибосыновпен жұдырықтаспауы үшін осындай қадамға барды деген болжамын жазуда.

Айта кетейік, Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, төрешілер шешімімен өзбек жеңіске жеткен еді.

Жарнама
Жарнама