Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартқан боксшы жеңіске жетті

Редактор
27.04.2025, 11:05

Бұл жекпе-жек тек екі отбасының татуласуына себепкер болды

Richard Pelham/Getty Images

Лондонда (Ұлыбритания) кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің негізгі жекпе-жегінде жергілікті боксшылар кіші Крис Юбенк (35-3, 25 КО) пен Конор Бенн (23-1, 14 КО) кездесті.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Барлық дистанцияда өтіп, төрешілер шешімімен Крис Юбенк  жеңіске жетті (116-112, 116-112, 116-112). Юбенк тәжірибесі мен физикалық артықшылығын пайдаланып, соңғы раундтарда басымдыққа ие болды

Осылайша, 35 жастағы Юбенк карьерасындағы 35-ші жеңісін тойлады. Ал 28 жастағы Бенн алғаш рет қарсыласына есе жіберіп отыр.

Крис жекпе-жек барысында көзінің үстінен жарақат алды. Жекпе-жектен кейін ол сақтық шарасы ретінде ауруханаға жеткізілді.

Бұл жекпе-жек тек спорттық бәсекелестік емес, сонымен қатар екі отбасының татуласуына себепкер болды. Өйткені 90-жылдары бұл боксшылардың әкелері де шаршы алаңда жолыққан.

Конор Бенн жеңілістен кейін өз өнерін сынға алып, болашақта қайта кездесуге немесе басқа қарсыластармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Юбенкке қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ұсынылған. Бірақ ол бас тартты.

Жарнама
Жарнама