Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Тапсырыс қабылдай берсем бола ма?». Назым Қызайбай ерекше өнерін көрсетті

Редактор
27.04.2025, 20:59

Назым - бокс тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық

instagram.com/nazym_kyzaibay09

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай сурет салу өнерінен де хабардар екенін көрсетті.

«Қазір біз оқу-жаттығу жиынарындамыз. Суретші емеспін, бірақ ішім пысқандықтан қыздардың суреттерін салып шықтым. Қазір көрсетемін», — деген Қызайбай оқырмандарына туындыларын паш етті.

Ал суреттерде әйелдер құрамасының өкілдері бейнеленген.

«Тапсырыс қабылдай берсем бола ма?», - деп жазба қалдырды боксшы қыз.

Айта кетейік, Назым Қызайбай - ерекше көрсеткіш иесі. Ол отандық бокс тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Естеріңізде болса, бұл атаққа ол 2025 жылы Сербияда өткен әлем біріншілігінде қол жеткізді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: