Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Редактор
15.10.2023, 09:17

Енді ол екі тұжырым бойынша әлем чемпионы

Vesti.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы неміс Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, екі бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы атанды. 

Жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Әлімханұлының бірнеше соққысы дәл тигеннен кейін рефери ойынды тоқтатып, техникалық нокаут жазды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы жаңа IBF чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады. Бұған дейін ол WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Бүгінгі жекпе-жекте ол осы атағын қорғады және екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанды.

«Бұл қазақ стайл. Мен енді қалған екі белбеуді жеңіп алу үшін жұмыс істеймін», – деді қазақ боксшысы жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік Жәнібектің бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жекпе-жегі, барлығында ол жеңіске жеткен.