Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионы атанып келген боксшы қыздарға 100 мың доллар сыйақы берілді

03.05.2025, 00:28

Күміс пен қола жүлде алған боксшылар да ақшалай сыйақымен марапатталды

Қазақстан бокс федерациясы

Биыл Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар мен олардың бапкерлеріне арнайы сыйақы берілді.

Атап айтқанда, Бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп чемпиондарға – 100 мың, күміс жүлдегерлерге – 50 мың, қола медаль алған спортшыға – 25 мың доллардың сертификатын табыстады.

«Біз федерация тарапынан тұрақты түрде әлемдік аренада үздік шыққан боксшыларымызға сый-сияпат үлестіріп тұрамыз. Дегенмен, отандық спорттың басты тірегі – мемлекет екенін ұмытпау қажет. Қазақстанда спортшылардың жоғары деңгейде жаттығуына да, әлеуметтік жағдайға алаңдамай дайындық жасауына да барлық мүмкіндік жасалып отыр. Осы бағытта Қазақстан Туризм және спорт министрлігі жүйелі жұмыс атқарып жатыр.

Спорт майталмандары мемлекет үшін де, халық үшін де аса қадірлі және құнды. Әлбетте, бұл сүйіспеншіліктің қайтарымы елге және өз ісіңе адалдық, Отаныңның намысы үшін еш аянып қалмай еңбектену және күресу», - деді.

Естеріңізге салсақ, әлем чемпионатында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева алтын медаль иеленген. Ал Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова күміс медаль жеңіп алса, Наталья Богданова қола жүлдеге қол жеткізген.

Жарнама
Жарнама