Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Әділдік болмады»: Қазақстандық танымал боксшы неліктен азаматтығын ауыстырғанын айтты

Редактор
06.05.2025, 10:10

Ол еліміздегі қыздар боксындағы біраз былықтың бетін ашты

instagram.com/vladislavakuhta/

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жарқын өкілдерінің бірі Владислава Кухта Tengri Sport басылымына берген сұхбатында не себепті ұлттық құрамадан кетіп, Венгрия туы астында өнер көрсету туралы шешім қабылдағанын айтты. 

Спортшының сөзінше, оған жаттықтырушылар тарапынан әділетсіздік көрсетіліп келген. Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі бола тұра, өз мүмкіндіктерін халықаралық аренада көрсетуге жол берілмеген.

«Мен өмір бойы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Бірақ белгілі бір уақытта өз салмағыммен күресе алмайтынымды түсіндім. 2022 жылы мен салмақ дәрежемді ауыстыру туралы шешім қабылдадым. Желтоқсан айында 60 келі салмақта Қазақстан чемпионы атандым. Бұл жекпе-жекке дейін екі ай бұрын Венгрия бокс федерациясы бапкеріммен байланысқа шыққан еді, бірақ біз ол кезде бұл нұсқаны қарастырған жоқпыз, себебі Қазақстан чемпионатына дайындалып жатқан едік.

Бұл Олимпиада алдындағы жыл болатын, сондықтан мақсатымыз анық еді. Сол жылы ел біріншілігінде жеңіске жеттім. Келесі жылдың наурыз айында, яғни 2-3 ай өткен соң, бапкерлер штабы менің салмағымда әлем чемпионатына екінші нөмірлі боксшыны апарған дұрыс деп шешім қабылдады. Яғни маған өзімді көрсетуге, дәлелдеуге мүмкіндік берілген жоқ», – деді Кухта.

Былғары қолғап шебері Қазақстан чемпионатында топ жару ешқандай кепілдік берілмейтінін тілге тиек етті. 

«Неге бұлай болғанын түсіндіретін шығар деп ойладым. Ал олар оның тәжірибесі мол екенін, жарыстарда өзін жақсы көрсететінін айтты, өйткені бізде біріншілікке дейін де жарыстар болған. Сол кезде «Маған мұның не қажеті бар?» деп ойлана бастадым. Бір жыл бойы жарыстарға қатыса алмадым, себебі маңызды турнирлерге үнемі бірінші немесе екінші нөмірлер ғана жіберілетін. 57 келіге салмағым келмесе, 60 келіде әлі өзімді дәлелдеп үлгермеген едім. Бір жыл күтіп, ақыры бірінші нөмір атансам да, әлем чемпионатына қатыса алмай қалдым.

Қазақстанда чемпион болу ешқандай кепілдік бермейді екен. Әлем чемпионаты кезінде мажарлар бізбен қайта байланысқа шығып, «Неге қатыспадың, сен еліңнің бірінші нөмірісің ғой?» деп сұрады», – деп толықтырды боксшы.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында Кухта Венгрия чемпионатында жеңіске жетіп, 2024 жылдың басында азаматтығын ресми түрде ауыстырды. Дегенмен ол Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама ала алған жоқ.

Жарнама
Жарнама