Төрехан Сабырхан алғашқы жеңіске қол жеткізді

Редактор
24.05.2025, 17:46

Жарыс жолына шыққан тағы екі боксшымыз да жеңіске жетті

Қазақстан бокс федерациясы

Әуесқой бокстан Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан (70 кг) алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Чунсу Кимды еш қиындықсыз жеңді.

Ал, Дулат Бекбауов (65 кг) болса келесі кезеңге айқассыз өтті. Себебі иорданиялық Обада Аль-Касабе кездесуден бас тартты. Айта кетейік, бұл аламанда Бекбауов жаңа салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Жарысты жеңіспен бастаған тағы бір спортшы — Виктория Графеева (60 кг), ол оңтүстіккореялық Ёнджи Оны жеңді.

Естеріңізге сала кетейіа, бұл турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкок қаласында өтіп жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек Қытай, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және басқа да елдердің былғары қолғап шеберлері қатысуда.