Руслан Мадиев мексикалық тәжірибелі боксшымен жұдырықтасатын болды

Редактор
26.05.2025, 15:02

Бұған дейін ол Таиландта жұдырықтасып, филиппиндік боксшыны жеңген болатын

Irfin Promotions

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Руслан Мәдиевтің (17-2, 6 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 6 маусым күні Испанияның Льорет де Мар қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады.

Мадиевтің қарсыласы – 27 жастағы мексикалық боксшы Хорхе Баталья (11-5, 7 КО). Бұл рейтингтік жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтеді.

Кәсіби бокс кешін қазақстандық Irfin Promotions пен испаниялық Team Sole Promotion промоутерлік компаниялары бірлесіп өткізеді.

Еске салайық, Руслан Мадиевтің алдыңғы жекпе-жегі де 1 ақпан күні Бангкокта өткен. Ол кездесуде отандасымыз филиппиндік Али Канеганы (11-1-1, 8КО) төрешілердің шешімімен ұтып, өзіне тиесілі WBA Asia чемпиондық белдігін сәтті қорғады.

Мадиев пен Баталья жекпе-жегін тікелей эфирде Irfin Promotions компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында көруге болады.