Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бокстан лицензиялық турнирге кімдер қатысады?

Редактор
12.01.2024, 10:04

63,5 келіде әліде нақты шешім қабылданбаған

olympic.kz

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнирге қай боксшылар баратыны белгілі болды. Барлық салмақ дәредежесі бойынша жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.

Оlympic.kz сайтының жазуынша, команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов лицензия сарапқа салынатын жарысқа кімдер қатысатынын атады.

«Олимпиадаға іріктеу турниріне қарашада өткен Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық», - деді Айтжанов.

Бұл ретте Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов тек қана 63,5 келіде таңдау болатынын алға тартты.

«Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін», - деді ол.

Қазіргі бокстан Қазақстан ерлер командасының қоржынына Олимпиаданың бір жолдамасы бар. Оған Азия Ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама