Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек пен Адамес: Титулды жекпе-жекке келісім жасалды ма?

Редактор
30.05.2025, 09:32

Танымал инсайдер болжамын айтты

rtfight.com

Орта салмақтағы әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес соңғы күндері әлеуметтік желілерде үнсіз қалды. Бұл жайтқа АҚШ-тағы танымал инсайдер және LDUBB_Boxing YouTube арнасының авторы Буг Уильямс назар аударды.

«Маған Жәнібек пен Адаместің соңғы уақытта тым-тырыс қалғаны ұнайды. Осы айдың басында екеуі бірін-бірі әлеуметтік желіде тұрақты түрде «шабуылдап» жүретін. Ал қазір — тыныштық. Бұл жақсы белгі», — деп жазды Уильямс өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Пікір білдірушілердің бірі бұл жағдайға әзіл-қалжыңмен қарады:

«Екеуі де әлеуметтік желідегі менеджерлерін бір уақытта жұмыстан шығарып жіберген болар?»

Ал Буг Уильямс бұл үнсіздіктің артында маңызды келісімнің жатқанын жоққа шығармайды:

«Олар 16 тамызға жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді ме екен?» — деп болжады ол.

Бұған дейін Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлының командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын растаған болатын. Оның айтуынша, WBO, IBF және WBC белбеулері үшін өтетін жекпе-жек — оның мансабындағы басым бағыт.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал WBC титулы дәл қазір Карлос Адаместе.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама