Отандасымыз этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды айқын басымдықпен жеңді
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының мүшесі Диас Молжігітов (80 келі салмақ дәрежесі) алтын медаль жеңіп алды.
Финалдық жекпе-жекте Диас Қытай құрамасының сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Төрехан Сабырхан (70 келі) да чемпион атанған болатын.
Жалпы, халықаралық жарысқа Қазақстан ерлер құрамасынан 10 боксшы қатысты. Олардың арасынан Диас пен Төреханнан бөлек, Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) және Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдеге ие болды.