Рейтинг көшбасшысы өзгеріссіз қалды
BoxRec.com сайты мамыр айындағы қазақстандық үздік кәсіпқой боксшылардың (салмақ дәрежесіне қарамастан) жаңартылған рейтингін жариялады.
Сәуір айымен салыстырғанда үздік ондық құрамында тек бір ғана өзгеріс болған.
Ай басында намибиялық Филемон Нгутенаньемен (12-0-2, 4 КО) өткен кездесуінде күтпеген тең нәтиже тіркеген Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) жетінші орыннан сегізінші сатыға сырғып, Руслан Мадиевке (17-2, 6 КО) жол берді.
Ал рейтинг көшбасшысы өзгеріссіз қалды. Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) pound-for-pound (P4P) рейтингінің бірінші сатысында тұр.
BoxRec нұсқасы бойынша 2024 жылғы мамыр айындағы үздік 10 қазақстандық боксшы:
1. Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО)
2. Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО)
3. Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО)
4. Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО)
5. Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО)
6. Бек Нұрмағамбет (14-0, 12 КО)
7. Руслан Мадиев (17-2, 6 КО)
8. Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО)
9. Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО)
10. Сергей Липинец (18-4-1, 13 КО)