Балауса Мұздыман WBA рейтингінде 4-орынға көтерілді

Редактор
11.06.2025, 12:53

Ол мысырлық қарсыласы Айя Рамаданды нокаутқа түсірді

instagram.com/muzdi___

Қазақстанның ең сұлу кәсіпқой боксшысы атанған Балауса Мұздыман WBA рейтингінде өз позициясын жақсартты.

6 маусым күні Алматыда өткен жекпе-жекте Балауса Мұздыман мысырлық қарсыласы Айя Рамаданды нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Бұл жекпе-жектен кейін Балауса Мұздыман WBA рейтингінде 9-орыннан  4-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман мансабында 8 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның 6-да накаутпен жеңген.