Қазақ боксшысы бірер жылдан бері өзіне лайықты қарсылас таппай келеді
Француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) реванш өткізуді талап етіп отыр. Жуырда ғана екеуінің жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталған болатын.
Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы екенін айта кету керек.
«5 сәуірден бері тордағы ашулы арыстандай күйдемін. Мен Жәнібектен не себепті жеңілгенімді жақсы білемін. Түрки әл аш-Шейх мырза, өтінемін, маған Жәнібекпен реванш ұйымдастырыңыз немесе қыркүйекте өтетін «Канело» кешінің андеркартында ТОП-10-дағы кез келген орта салмақтағы боксшымен жекпе-жек беріңіз! Мен әлемге Анауэль Нгамиссенгенің кім екенін көрсеткім келеді», - деді француз спортшысы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек 5 сәуірде Астанада өтіп, бесінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.