Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жектен қанша табыс тапты?

Редактор
16.10.2023, 11:06

Оның қарсыласы 750 мың доллар пайда тапқан

Facebook/janibekalimkhanuly

Кәсіпқой бокстан WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлының кешегі кездесуден қанша көлемде гонорар алғаны жұмбақ күйінде қалды.

Кеше АҚШ-та өткен жекпе-жегінде неміс Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген отандасымыз өзінің спорттық мансабындағы айтулы жетістігіне қол жеткізді. Алайда, спортшының қанша қаржы тапқаны туралы мәлімет еш жерде жарияланбады.

Қос нұсқада чемпиондықтан үміткер болған неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери Жәнібек Әлімханұлымен сынға түскені үшін 750 мың доллар табыс тапқан.

Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлері арасында жоғары жетістік Жәнібек Әлімханұлына тиесілі екенін ескерсек, оған тиесілі чемпиондық белдіктер әр жекпе-жек сайын қомақты қаржы табуға жол ашуы тиіс. Алайда, боксшының командасы бұл туралы ақпаратты әзірге құпия ұстауды жөн көрген сыңайлы.

Алл, қазақстандық боксшылар арасында әзірге кәсіпқой бокстан ең ірі көлемдегі табыс Геннадий Головкинге тиесілі. Ол мексикалық Сауль Альвареспен өткізген жекпе-жектің бірінен 25 млн доллар көлемінде қаржыға ие болған еді.