Оны өлтіргендер әліге дейін бостандықта жүр
Германия атынан өнер көрсеткен және кәсіпқой бокстағы мансабында мүлдем жеңілмеген этникалық шешен Абу Юсупов (9-0-1, 7 КО) Берлин қаласында қайтыс болды.
Мескер-Юрт ауылының тумасы Берлиндегі Gesundbrunnen теміржол бекетінде пышақ жарақатынан қаза тапқан.
БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға Абу мен бір топ ауған азаматының арасында туындаған жанжал салдарынан болған. Төбелес кезінде 39 жастағы Юсуповтың мойын тұсына пышақ сұғылған.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, боксшы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Берлин прокуратурасының өкілі хабарлағандай, қылмыскер мен жанжалға қатысқандар әлі де бостандықта жүр.
«Қасқыр» лақап атымен танымал Абу Юсупов кәсіби шаршы алаңдағы дебютін 2020 жылы өткізіп, небәрі 39 секундта Бенжамин Кунцты нокаутпен жеңген. Юсупов супер орта және жартылай ауыр салмақ дәрежесінде 10 жекпе-жек өткізген. 2025 жылдың қаңтарында өткен соңғы жекпе-жегінде ол Георгий Канделакиді ұпай айырмашылығымен жеңген.
Абу Юсупов артында әйелі мен үш кішкентай баласы қалды.