34 жастағы қазақстандық арудың қарсыласы – Гульсум Сейма Татар
Қазақстандық Милана Сафронова Түркияда өтетін бокс кешінде жергілікті былғары қолғап шеберімен кездесу өткізеді.
34 жастағы қазақстандық арудың қарсыласы – Гульсум Сейма Татар.
Бокс кеші 2025 жылдың 2 шілдесінде Ыстамбұл қаласындағы Rixos Tersane Istanbul қонақүйінде өтеді.
40 жастағы түрік боксшысы кәсіби рингте төрт жекпе-жек өткізсе, соның екеуінде жеңіліп, екеуінде жеңіске жеткен.
Милана Сафронова Қарағанды облысының тумасы. Ол – 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2018 және 2020 жылдары Қазақстан чемпионы атанған.
Бұл жекпе-жек Сафронованың кәсіби бокстағы дебюті болмақ.
Қазақстандық жанкүйерлер Милананы еліміздің ең сұлу боксшыларының бірі деп есептейді.